Қоғам

Қажет емес бағдарламалардан арылу керек - Тоқаев

Президент бірінші кезектегі реформалардың тізімін анықтау және оларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарға байланысты нақты міндет жүктеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан - Sputnik. Тәуелсіздік жылдарында көптеген бағдарлама жасалды. Оның біразы күшін жойды, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

"Жаңа бағдарламалар мен құжаттар пайда болуда. Олардың бәрін сатылы түрде жүйелеп, қажет еместерінен арылу керек. Жоспарлаудың атқарушыларға және халыққа мейлінше түсінікті әрі ашық жүйесін жасаған жөн", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы консультативтік комитеттер жұмысының маңыздылығына назар аударып, бірінші кезектегі реформалардың тізімін анықтауға және оларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарға байланысты нақты міндет жүктеді.

Сондай-ақ арезидент әлеуметтік кодекс, "Цифрлық Қазақстан", "АӨК-2025" сияқты ірі реформалардың әзірленуіне ерекше назар аударуды тапсырды. Барлық тараптар үшін ашық әрі бірыңғай тәртіп орнатудың мәні зор. Әділ бәсекелестік қалыптастыру, әкімшілік қысымдарды болдырмау – экономикалық өсімнің жүйелі шарты, деді мемлекет басшысы.