Фото

2020 жылы танымал болған үздік он актердің есімі жарияланды - фото

Sputnik

Айта кеткен жөн, кинорейтинг көрермен қауымның интернет арқылы қай актерді көбірек іздегеніне қарай жасалды. Осылайша, соңғы он екі айда жасалған 200 миллионға жуық сұраулар зерделенді. Соның негізінде танымал он актер мен актрисаның тізімі шығарылды.  

IMDb нұсқасы бойынша биыл үздік ондықты кубалық-испан актрисасы Ана де Армас бастап тұр. Ол Агата Кристидің шығармалар желісімен түсірілген "Пышақтарды алып шығу" фильмінде күтуші Марта Кабрераның рөлін сомдап шықты

Одан кейін кинорейтингте Джулия Гарнер, Аня ЧалотраМилли Бобби Браун, Эрин Мориарти, Марго Робби, Эйдан Галлахер, Аня Тейлор-Джой, Линда Карделлини және Генри Кавилл жайғасқан.

Рейтингке кірген актерлардың басым бөлігі – әйелдер. Екеуі ғана ер адам. Барлық актердің түскен фильмдері мен оларға қатысты қызықты фактілерді Sputnik фототаспасынан оқыңыз.

1 / 10
Ana de Armas attends the premiere for "Knives Out" on day three of the Toronto International Film Festival at the Princess of Wales Theatre on Saturday, Sept. 7, 2019, in Toronto.
2 / 10
Julia Garner poses for a portrait to promote the film "The Assistant" at the Music Lodge during the Sundance Film Festival on Sunday, Jan. 26, 2020, in Park City, Utah.
3 / 10
LOS ANGELES, CALIFORNIA - DECEMBER 03: Anya Chalotra attends Netflix The Witcher LA Fan Experience at the Egyptian Theatre on December 03, 2019 in Los Angeles, California.
4 / 10
Millie Bobby Brown arrives at the season three premiere of "Stranger Things" at Santa Monica High School on Friday, June 28, 2019, in Santa Monica, Calif.
5 / 10
STUDIO CITY, CALIFORNIA - SEPTEMBER 04: Actress Erin Moriarty visits 'The IMDb Show' on September 4, 2019 in Studio City, California. This episode of 'The IMDb Show' airs on September 19, 2019.
6 / 10
Квентин Тарантиноның "Бір күні ...Голливудта" фильмінен кейін австралиялық Марго Робби кеңінен таныла бастады. 30 жастағы актриса "Өзін-өзі өлтіретіндер", "Уолл-стриттегі қасқыр" және тағы басқа фильмдерде түскен. IMDb рейтингісінде ол алтыншы орынға ие болды. Фотода: актер Тимоти Шаламе (сол жағында) және актриса Марго Робби (оң жағында), екеуі Лос-Анджелесте "Оскар 2020" тапсыру рәсімінде қызыл кілеммен жүріп өткен.
7 / 10
17 жастағы америкалық актер және экологияның белсенді қорғаушысы Эйдан Галлахер "Амбрелла академиясы" сериалының арқасында үздік ондықта жетінші орынға ие болды. Айтпақшы, жас актер "Жылдың жаңалығы" рейтингісінде екінші орында тұр.
8 / 10
Аня Тейлор-Джой 2020 жылдың соңында шыққан "Ханшайымның жүрісі" сериалынан кейін жұлдызға айналды. Осы жоба Netflix тарихындағы ең табысты мини-сериал болып танылды. 24 жастағы британ-аргентиналық актриса және модель сегізінші орыннан көрінді. Биыл ол Джейн Остиннің "Эмма" романы бойынша түсірілген фильмде басты рөлді сомдады.
9 / 10
Linda Cardellini arrives at the Oscars on Sunday, Feb. 24, 2019, at the Dolby Theatre in Los Angeles.
10 / 10
Оныншы орында - Генри Кавилл (Супермен және Ведьмак). 37 жастағы ұлыбританиялық актер Netflix-тің "Энола Холмс" детективті фильміне де түскен.