Видео

"Солтүстік ағын - 2" газ құбырының құрылысы не болмақ - видео

Ресейдің "Академик Черский" кемесі "Солтүстік ағын - 2" газ құбырының құрылысы бітпеген учаскесіне жетті
Sputnik

Бұған дейін ол жерге "Фортуна" атты құбыр тартатын кеме аттанған болатын. Екеуі газ құбырының құрылысын аяқтай алады. Ресей мен Еуропаның ортақ жобасы АҚШ санкциясынан кейін тоқтап қалған еді. Вашингтон шектеу шараларын енгізіп, жоба құрылысын тоқтатуды талап еткен. Жаңа құбырмен ресейлік газды Балтық теңізі арқылы Германияға және Еуропаның басқа да мемлекеттеріне жеткізуге мүмкіндік бар.