Қоғам

Министрлік бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады

Антирейтингте Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысы көш бастады, республикада барлығы екі мыңнан астам адам қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Өткен аптада Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты. Егер 23-29 қараша аралығында COVID-19-дан 44 адам көз жұмса, 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында 54 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен аптада коронавирус инфекциясынан 54 науқас көз жұмды.

  • Шығыс Қазақстан облысында – 10;
  • Алматы қаласы – 10;
  • Батыс Қазақстан облысында – 7;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 5;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5;
  • Алматы облысында – 5;
  • Павлодар облысында – 4;
  • Атырау облысында – 3;
  • Қарағанды облысында – 2;
  • Ақмола облысында – 1;
  • Қостанай облысында – 1;
  • Маңғыстау облысында – 1.

Қазақстанда пандемия басталғалы COVID-19-дан барлығы 2 088 адам қайтыс болды.