Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда тағы төрт ауыл карантинге жабылды

Қатаң шектеу шаралары облысты "қызыл" аймақтан шығаруға және вирустың таралуын тоқтатуға бағытталған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өңірді "қызыл" аймақтан шығару үшін тағы төрт ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

"Солтүстік Қазақстанда тағы 4 ауыл карантинге жабылды. Қатаң шектеу шараларының бәрі өңірді "қызыл" аймақтан шығаруға және науқастар санын азайтуға бағытталған. Облыс бір айға жуық осы зонада тұр", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, елді мекендер арасында карантинге қайта оралғандар да бар. Мәселен, Есіл ауданында 7 желтоқсаннан Явленка ауылы қайтадан жабылды, ал 3 желтоқсаннан Ясновка ауылында шектеулер енгізілді. М.Жұмабаев ауданында Таманское және Успенка ауылдары 4 желтоқсаннан бері жабық.

Комитет 9 қарашадан бастап Петропавлдың периметрі бойынша блокбекеттер орнатылғанын еске салды. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірде бес ауданда 11 елді мекенді жабу туралы шешім қабылданған.

Атап өтсек, бұған дейін карантинге жабылған Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылында шектеулер алынып тасталды.