Видео

Суретші қоқыстан ерекше мүсіндер жасайды – видео

Суретші түрлі қоқыстан тамаша мүсіндер жасайды. Тағам мен дәрі қаптамаларынан бастап ыдыс-аяқ, қайта өңделмейтін пластикке дейін керекке жарайды. Жұрт қалдық деп атайтын дүниенің бәрі шеберліктің арқасында өнер туындысына айналады
Sputnik

Ресейлік курорттық Геленджик қаласының тұрғыны Нина Никифорова Қара теңіз жағалауынан табылған қоқыстан мүсіндер жасап, галереясына қояды.

Шебер бұл іспен 14 жылдан бері айналысып келеді.

Нина Никифорова ұзақ уақыт бойы дәрігер болып қызмет еткен. Жол апатына ұшырап, бұл саладан кететінін шешті. 

Суретшінің басты мақсаты - экология проблемасына назар аударту.

Толығырақ видеодан көре аласыз.