Оқиға

Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды. Бетон тиелген жүк көлігі, бензовоз және Lexus көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға тасжолдың 22-ші шақырымында болған. Жеңіл көлік пен бензовоз батыс бағытта қозғалып бара жатқан.

Екі көлік те жолдың маңындағы мейрамханада тоқтап, бұрылған. Бұл уақытта қарама-қарсы бағыттан бетон тиелген көлік келді.

Ол жол жиегіне соғылып, жеңіл көлік пен бензовозға құлады.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

Полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.