Елорда тынысы

Бүгін астанада ІІ ауысым оқушылары мектепке бармайды

Қазақстанда оқушылар коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқиды. Ата-ананың өтініші бойынша 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптарға бара алады
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда кезекші сыныптарда оқитын балалар 4 желтоқсанда қашықтан оқитын болады.

Хабарламаны қаланың білім басқармасы таратты.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -23 градус) ІІ ауысымның бірінші және бесінші сынып оқушылары үшін мектептердегі сабақтар қашықтық форматқа көшеді", - делінген хабарламада.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында жұма күні ауа температурасы күндіз -14...-16 градус болады. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда оқушылар коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқиды. Ата-ананың өтініші бойынша 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптарға бара алады.

Бүгін астанада ІІ ауысым оқушылары мектепке бармайды