Спорт

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек

EFC-дің екі турнирі келесі жылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтуі мүмкін, деп мәлімдеді Хабиб Нурмагомедов
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle Fighting Championship (EFC) промоушенінің жоспарын бөлісті.

Ол келесі жылы Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жектер туралы айтты.

"Шетелде Ташкентпен келісімшарт бар. Наурыз айында Бішкекте турнир өткіземіз. Келесі жылы Қазақстанда ұйымдастыру жоспарда бар. Саны емес, сапасы мықты болса деймін. Сондықтан жылына 12-14 турнир өтуі мүмкін", - деді Нурмагомедов баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек, 24 қазанда Нурмагомедов Джастин Гэтжиді жеңіп, дәл сол күні спорттық карьарасын аяқтайтынын жариялаған болатын. UFC жұлдызының енді жеке промоушені бар.

"Оны әлемдегі үздік ұйымға айналдырғымыз келеді. Бұл алаңда мықты спортшылар, мықты адамдар тәрбиеленеді. Соңғы кезде ММА турнирлері аз, көптеген спортшылар жұмыссыз отыр. Менің халықаралық ұйымда үлесім болды, енді өзіміздің жобаны жүзеге асырамыз", - деді ол.

Нурмагомедов UFC президенті Дэйн Уайтпен сөйлескенін атап өтті.

"Менің промоушенімді UFC-ден көрсету үшін сол ұйыммен келісім жасағым келді. Мәселен, UFC-ге өту үшін спортшы EFC-де қанша кездесу өткізуі керек. Файтер 6 жекпе-жекке келісімшарт жасайды делік. Егер осы уақыт аралығында титул жеңсе, UFC-мен келісімшарт жасасып, қолдау көрсетеміз", - деді ол.