Жоқ, әлде жеке құрамның дайындығы және жалпы қорғанысты ұйымдастыру жағынан қателік кеткен бе?
Негізгі дискурс: Қарабақ одақтастар мен әріптестеріне ресейлік қару-жарақты жеткізу жағын тағы қарастырып, өзгеріс енгізеді. Ондай пайымдаулар әскери-саяси басшылықтың стратегиялық қателіктерін көрсетпей, әлемдік қару-жарақ нарығындағы қиян-кескі бәсекелестікті жасырып отырған тәрізді.
Негізі, Мәскеу Арменияға бірнеше әскери кредит берген. Бірақ одан кейінгі әскери құрылымды ұйымдастыру шараларына армян жағы өзі жауапты. Мысалы, әскери іс-қимылдар кезінде ресейлік С-300 зениттік зымыран кешендеріне мықты әуе қорғанысы жүйесінің жоқтығынан зақым келсе, онда $40 миллионға сатып алынған үндістандық Swathi радарлары қайда болған? Оның жарнамасына сәйкес, радар 20 шақырым шалғай жердегі миноменттік атысты анықтай алады.
Бұдан бөлек, артиллериялық снарядтар (30 шақырымға дейін) мен зымырандарды (40 шақырымға дейін) қадағалап отыруға қауқары бар. Сосын бір уақытта 7 бірдей нысанды бақылауға мүмкіндік береді. Бәлкім, әскерилер жаңа радарларды меңгеріп шығуға үлгермеген. Ресейлік техниканы пайдалану үшін де да машық қажет. Әрине, әскери салада ұйымдастырушылық жоғары деңгейде болуы шарт. Менмендікке де жол жоқ.
Әрине, ол цифрларды әркім әрқалай қабылдайды. Әзербайжан армиясының шығындарын да жасырып қалған шығар. Дегенмен, жеті ауданның қайтарылғанын ескерсек, президентке жаудың шығындарын асыра көрсетудің қажеті жоқ. Армян техникасының біраз бөлігі жойылды. Демек, бұның барлығы - кескілескен ұрыстың шығындары. Алайда әскерилердің тастап кеткен техникасы да аз емес. Соның ішінде 79 танкі, жаяу әскердің 49 жауынгерлік машинасы, 104 зеңбірек пен миномет, "Шилка" атты 5 зениттік қондырғы, 93 арнайы автомобиль мен 270 жүк көлігі бар.
Мысалы, 79 танкінің өзі екі жарым танк батальонына жетеді. Шабуылда болсын, қорғаныста болсын, бұл – алып күш. Армян әскерінің адам сенбейтін "жомарттығына" екі себеп бар сияқты. Әскердің шегінуі стихиялық сипатта өрбіді, я болмаса, тыл жағынан қамтамасыз ету бойынша проблема туындап, жанар-жағармайды уақытында жеткізбеген. Содан әскери техниканың бәрі тоқтап қалған. Қалай болса да, ұйымдастырушылық жағын зерделеу керек. Бірақ ол мәселе Арменияның әскери-саяси басшылығы мен бас штабтың құзыретіне жатады.