Фото

Қызыл алаңда мұз айдыны ашылды - көз тартарлық суреттер

Sputnik

2020 жылы ГУМ мұз айдынына 15 жыл толды. Биыл оның ашылуына мұқият дайындалуға тура келді: мерейтойдан бөлек, коронавирус бәсеңсімей тұр.

Сондықтан мұз айдынына келгендер үшін бір реттік маскалар мен қолғаптар қарастырылған. Ал коньки әр адамнан кейін зарарсыздандырылатын болады.

Іс-шарада мәнерлеп сырғанаушылар Маргарита Дробязко мен Повилас Ванагас өнер көрсетті. Олар "Руслан және Людмила" мюзиклінен үзінді көрсетті. Ал Олимпиада чемпионы Алина Загитова "Ұйқыдағы ару. Екі патшалық туралы аңыз" мюзиклімен көрермендерді қуантты.

ГУМ-ның ресми сайтында хабарланғандай, мұз айдыны ауа райына қарамастан кез келген уақытта ашық болады.

1 / 11
Биылғы жылы ГУМ мұз айдынына 15 жыл толды. Суретте: Мәскеуде Қызыл алаңда ГУМ мұз айдынының ашылуына жиналған қонақтар.
2 / 11
Мұз айдынының ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы Алина Загитова өнер көрсетті. Ол "Ұйқыдағы ару. Екі патшалық туралы аңыз" мюзиклінен үзінді орындады.
3 / 11
ГУМ-ның ресми сайтында хабарланғандай, мұз айдыны ауа райына қарамастан қонақтар үшін кез келген уақытта ашық болады.
4 / 11
Мұз айдыны биылғы жылдың 29 қарашасынан келесі жылдың 1 наурызына дейін жұмыс істейді. Суретте: Мәскеуде Қызыл алаңда ГУМ мұз айдынының ашылу салтанатында өнер көрсетіп жатқан әртістер.
5 / 11
Коронавирус пандемиясына байланысты мұз айдынына келгендер үшін бір реттік маскалар мен қолғаптар қарастырылған. Ал коньки әр адамнан кейін зарарсыздандырылатын болады.
6 / 11
Мұз айдынында бактерицидтік шамдар мен ауа рециркуляторлары орнатылған.
7 / 11
Мұз айдынындағы сеанстар саны жетіге дейін қысқартылды – таңғы сағат 10:00-нан кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
8 / 11
ГУМ мұз айдынының ашылу салтанатында мәнерлеп сырғанаушылар Маргарита Дробязко мен Повилас Ванагас өнер көрсетті. Олар "Руслан және Людмила" мюзиклінен үзінді көрсетті.
9 / 11
Мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитова.
10 / 11
Іс-шараға Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен оның әйелі мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка келді.
11 / 11
Пандемияға байланысты билеттер тек кассаларда ғана емес, интернет арқылы да сатылады. Суретте: Қызыл алаңда ГУМ мұз айдынының ашылуына жиналған қонақтар.