Отырысқа Ресей президенті Владимир Путин төрағалық етуде.
Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды.
Отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.
Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.
Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.