Ұйымның парақшасында жарияланған видеодан ұйым еріктісінің қолынан кішкентай құстың ұшып бара жатқанын көруге болады.
Шырша ең танымал Рождество фильмдері түсірілген алаңға әкелінгендіктен, құсты Рокфеллер деп атауға шешім қабылданды.
Алайда кейінірек ветеринарлық сараптама кезінде бұл аналық екені анықталды, сондықтан құсқа Роки деген ат қойылды.
"Ол кішкентай болғанмен мықты құс, біз оның табиғи тіршілік ортасына оралғанына қуаныштымыз", - дейді табиғат қорғау ұйымының мамандары.
Құс үш күнге жуық уақыт жолда болып, шамамен 270 шақырым жүрген. Осы уақыт ішінде Роки еңтеңе ішіп-жемеген, сондықтан оны бірінші тамақтандырып, содан кейін медициналық тексеруге жіберді.