Өңірлер

Жолдан борсықты өткізіп жіберу үшін тоқтаған екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Екі көлік те жолдан шығып кетті, екі жолаушы жарақат алды. Полицейлер Қызылжар аудандық сотына жіберілетін материалдарды жинап жатыр
Sputnik

ПЕТРОПАВЛ, 30 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында джип өтіп бара жатқан борсыққа жол беру үшін тоқтаған екі көлікті қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жолдан борсықты өткізіп жіберу үшін тоқтаған екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Апат дүйсенбі күні Петропавл мен Булаево арасындағы тасжолда болды.

Жолдан борсықты өткізіп жіберу үшін тоқтаған екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

"Mitsubishi Pajero" жүргізушісі Volkswagen Transporter және ВАЗ-2115 көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан жабайы аңды өткізіп жібермек болған екі көлік те жолдан шығып кетті. Автокөліктердің бірінің екі жолаушысы жарақат алды", - деп түсініктеме берді баспасөз қызметі.

Жолдан борсықты өткізіп жіберу үшін тоқтаған екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Полицейлер Қызылжар аудандық сотына жіберілетін материалдарды жинап жатыр.