Экономика

Қазақстан  мен Ресей премьерлері өнеркәсіп саласындағы жобаларды талқылады

Михаил Мишустин мен Асқар Мамин телефон арқылы сөйлесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесу кезінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіп пен көлік саласындағы перспективалық жобаларды талқылады. Бұл туралы РФ министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жалғыз төтеп бере алмайды": Мамин ТМД-ны пандемияға қарсы бірігуге шақырды

"30 қарашада РФ үкімет басшысы Михаил Мишустин Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығын, өнеркәсіп пен көлік инфрақұрылымы саласындағы перспективалық бірлескен жобаларды дамыту мәселелері қаралды. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.

Мишустин екіжақты және интеграциялық күн тәртібіндегі мәселелердің барлық спектрі бойынша екі ел арасындағы сындарлы диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.