НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев Геннадий Головкиннің отандасын жеңісімен неге құттықтамағанына қатысты өз болжамын айтты, деп жазады sports.kz.
Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Голливудта Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өткен кәсіби бокс кешінде болған. Осы кеште оның отандасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов екінші раундта бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокаутқа түсірді.
Sports.kz Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиевтен Геннадий Головкин отандасын жарқын жеңісімен құттықтап-құттықтамағанын сұраған.
"Жоқ, кірген жоқ, құттықтаған жоқ. Тіпті жолаған жоқ – өйткені Covid-ке қатысты сондай тәртіп", - деді ол.
Оның айтуынша, қазір Геннадий Головкин мейленше өзін вирустан қорғап жүр, өйткені жекпе-жек жақындап қалды.
"Оған рингке шығуға да рұқсат берер еді. Бірақ, білуімше, Геннадий Головкин барынша вирустан сақтанып жүр – лагерьге кіретін адамдардың барлығын тексеріп, тесттен өткізеді. Сондықтан, бұл қалыпты жағдай, оның жекпе-жегі жақындап қалды, Covid жұқтырып алса тағы...", - деді Елеусіновтің менеджері.
Айта кетейік, Головкиннің жекпе-жегі биыл 18 желтоқсанда өтеді. Ол польшалық боксшы Камил Шереметамен жұдырықтасады.
Оқи отырыңыз: Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды