Қоғам

Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары  "қызыл" аймақта қалып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикада вирус жұқтырғандар саны 3,7 есеге өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қатаң шектеу шаралары енгізіліп жатқан "қызыл" аймақта 5 өңір қалып отыр. Олар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда үш өңір – Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары "сары" аймақтан "қызылға" өтті", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, "сары" аймақта – Алматы қаласы, ал қалған өңірлер "жасыл" зонада тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр 

Министр қарашада қазан айымен салыстырғанда республикада вирус жұқтыру 3,7 есеге өскенін атап өтті. Бұл "қызыл" аймаққа енген 5 облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты.

Цойдың айтуынша, карантиндік шараларды күшейткеннің арқасында Шығыс Қазақстан облысында қарашаның екінші онкүндігінен індетке шалдығу деңгейі төмендеп келеді.