Фото

Жапонияда гауһар тас пен інжуден жасалған маскалар сатылып жатыр - фото

Sputnik

Mask.com бренді жуырда інжуден жасалған және гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар жасап шығарды. 

Бұл эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар. 

Осылайша жапондық бренд коронавирустан зардап шеккен сән индустриясына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, дейді дүкен иелері. 

Гауһар тасты маскалар 0,7 қаратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен "өрілген". 

Дегенмен, жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 қаратты алтыннан әзірлеген масканың құны - 1,5 миллион доллар.

1 / 8
Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
2 / 8
Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
3 / 8
Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
4 / 8
Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
5 / 8
Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат Акойя інжуінен жасалған.
6 / 8
Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
7 / 8
Інжуден "өрілген" маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
8 / 8
Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. "Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың?" – дейді Токио тұрғындары.