Ресей қорғаныс министрлігі америкалық кеменің теңіз шекарасынан 2 шақырым асып кеткенін хабарлады. АҚШ әскери-теңіз күштерінің "Джон Маккейн" эсминецін шұғыл бақылауға алған "Адмирал Виноградов" экипажы оған Ресей аумағынан тез арада кетпесе, шара қолданатыны туралы ескерту жіберді. Көп ұзамай "Адмирал Виноградов" шекараны кесіп өткен кемені нысанаға алды. Осы жағдайды бағамдаған америкалық кеме экипажы дереу бейтарап аймаққа қарай асықты.