НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Дертке шалдыққандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді (170). Одан кейін Солтүстік Қазақстан (117) мен Павлодар облысында (107) анықталды", - делінген хабарламада.
Өңірлермен қалалар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 71
- Алматы қаласы – 74
- Шымкент қаласы – 4
- Ақмола облысы – 76
- Ақтөбе облысы – 5
- Алматы облысы – 21
- Атырау облысы – 12
- Шығыс Қазақстан облысы – 170
- Жамбыл облысы – 16
- Батыс Қазақстан облысы – 41
- Қарағанды облысы – 21
- Қостанай облысы - 75
- Павлодар облысы - 107
- Солтүстік Қазақстан облысы - 117
- Түркістан облысы - 3
Айта кетейік, республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 129 213 адамға жетті.