Пандемия кезінде БАҚ қандай форматта жұмыс істеуі керек

Карантин кезеңінде офлайн жобалар онлайнға көшті. SputnikPro мамандары жаңа жылдық мерекелерде аудиторияға қандай қызықты контент дайындауға болатынын айтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. SputnikPro жобасының сарапшылары көрші елдердің журналистеріне локдаун жағдайында жаңа жылдық арнайы жобаларды қалай жүзеге асыруға болатынын айтып берді.

"Санкт-Петербургтегі Комсомольская правда" басылымның бас директоры Иван Власов вебинарға қатысушыларға өзінің ұжымы қандай акциялар ұйымдастырғанын еске түсірді.  

"Жаңа жылдық ғажайып" деп аталатын осындай жобалардың бірі – қарттар үйі мен балалар үйінің тұрғындарына арналған бірлескен жаңажылдық шырша.

Желтоқсан айында басылым мен серіктес компаниялардың өкілдері №2 соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне сыйлық алып барып, ас-шай әзірлеген. Дәстүрлі жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды, ардагерлер тосынсый алып, №40 балалар үйі тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалады, олармен емін-еркін сұхбат құрды.

Иван Власов арнайы жоба әлеуметтік бағытты қамтып қана қоймай, сонымен қатар бірнеше мақсатты көздейтінін атап өтті: контент жасау және аудитория жинау; ойға алған шаруаны іске асыру үшін демеушілерді тарту; қосымша танылу.

Биыл көптеген ұйымда маркетингтік және жарнамалық жобаларға қаржы болмады, барлығы пандемиямен күресуге кетті. Жаңа жылда ірі мерекелік шаралар өтпейтіндіктен, арнайы жобаларға қызығушылық болады, деп болжайды Власов.

Оның айтуынша, локдаун онлайн-форматтағы қызықты жобаларды табуға және жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік береді.   

"Үйде болатын адамдар үшін жаңа жылдық мерекелерге арналған бірнеше формат ұсынамыз. Бұрын редакцияда кезекшілерді қалдырып, бәрі демалысқа шығатын, ал енді жұмыс көп болатыны анық", - деп түсіндірді Иван Власов.

Sputnik Қазақстан бірнеше жыл бойы жүргізген "Мейірімділік шыршасы" қайырымдылық жобасы туралы шеф-редактор Динара Досмұхаметова айтып берді. Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының онкология бөлімінде емделіп жатқан алпыс бала жаңа жылдық тілектерін арнайы ашық хаттарға қалдырды. Жасырын Аяз ата болғысы келген ересек қазақстандықтар оларға синтезатор, планшет және квадрокоптерден бастап трансформер мен кішкентай пониге дейін түрлі сыйлықтар жинады.

Пандемия кезінде БАҚ қандай форматта жұмыс істеуі керек

"Россия сегодня"медиахолдингінің бренд-коммуникациялар басқармасындағы арнайы жобалардың жетекшісі Дмитрий Лукьянчиков медиа өз аудиториясын кеңейту үшін танымал контент жасай отырып, локдаунды қалай қолдана алатындығы туралы баяндады.

Вебинардың тағы бір қонағы – "АиФ Самараның" бас редакторы Павел Сидоров газеттің ең сәтті жобаларын, соның ішінде жалпы карантин кезеңінде оқырмандар арасында кеңінен танымал болған ойындарды таныстырды.

SputnikPro білім беру жобасының отызыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.