Қоғам

Министр дәрігерлердің Біртановты қолдап жазған хатына түсініктеме берді

Дәрігерлер тілектестік білдірді, екіншіден, кінәсіздік презумциясы қағидатына сүйенді. Одан кейінгі жағдайға құқыққорғау органдары баға береді, дейді Цой
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты қолдаған дәрігерлердің хатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің әріптестер, ең біріншіден, тілектестік, екіншіден, кінәсіздік презумциясы қағидатына сүйенді. Сол себепті осы хатты жазды. Одан кейінгі жағдайға құқыққорғау органдары баға береді. Істің анық-қанығына көз жеткізіледі", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазір үйқамақта. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға оның қорғаушысы Дмитрий Куряченко айтты.

Оқи отырыңыз: Экс-министр Біртанов үйқамаққа босатылды 

3 қарашада қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті Біртановтың қамауға алынғанын хабарлады.

Экс-министрге қатысты бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

БАҚ-та дәрігерлер Елжан Біртановты қолдап ашық хат жазғаны туралы ақпарат жарияланған еді.