Қоғам

Министр Цой алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Алексей Цой халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шаралар өткізбеуге және суық тиіп қалудан сақтануға кеңес берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы демалыс және мереке күндері азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр елдегі эпидемологиялық жағдайдың қалай болатыны әрбір адамға байланысты екенін айтып, әр қазақстандықтан міндетті түрде бетперде тағып, арақашықтықты сақтауды өтінді.

"Ұзақ демалыс, жаңажылдық мерекелер жақындап келе жатқанын ескеріп, сіздерді инфекцияның алдын алу шараларын сақтауға шақырамын", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, ол халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шаралар өткізбеуге және суық тиіп қалудан сақтануға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде эпидемиологиялық жағдай ушыққанын мәлімдеген болатын. Айтуынша, республикада қарашада өткен аймен салыстырғанда вирус жұқтыру көрсеткіші 3,7 есеге өскен. 5 облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді.