Бір күн бұрын Буэнос-Айресте 60 жастағы әлем футболының аңызы Диего Марадонаны жерлеу рәсімі өтті. Шетелдік БАҚ шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, полициямен қақтығыс болғанын хабарлады.
Полиция мен Диего Марадонаның жанкүйерлері арасындағы қақтығыс Буэнос-Айрестегі президент сарайының алдындағы алаңда өрбіді. Ол жерге футболшымен қоштасқысы келгендер жиналған еді.
Адамдар сарайға күшпен ену үшін қалың нөмір бір-бірін итере бастаған деп хабарлайды Аssociated Press. Тәртіп сақшылары бұл жағдайға араласуға мәжбүр болған.
Президент сарайында қоштасу рәсімі аяқталған соң, полиция жиналғандарды таратуға тырысқан. Алайда мұндай әрекет жанкүйерлердің ашуын туғызып, олар офицерлерге тастар мен басқа да заттарды лақтырды.
Оқи отырыңыз: Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды
Айта кетейік, 25 қазанда футболдан әлем чемпионы аргентиналық Диего Марадона 60 жасында дүниеден өтті.
Әйгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Миына ота жасалды. Марадона 12 қарашада ауруханадан шықты.
30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты. Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткіге тәуелділігі кедергі болғаны айтылды.