Видео

Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео

Hop-On Hop-Off экскурсиясы көптеген елде сұранысқа ие. Енді Алматыны тамашалаймын деушілер де осы қызметті қолдана алады
Sputnik

Автобус бағыты бойынша бірнеше аялдама қарастырылған. Экскурсияға билет алған жолаушылар олардың кез келгенінен шығып, қаланың көрікті жерлерін аралай алады. Кейін сол билетпен қалаған аялдамада автобусқа қайта отыруға болады.

Әзірге мұндай бір ғана автобус бар. Олардың санын төртеуге жеткізу көзделіп отыр.

"Жаз мезгілінде автобустың төбесін ашып қоямыз. Қыста салон жабылады. Алайда үлкен терезе мен орындықтардың биік орналасуының арқасында қаланы тамашалау мүмкіндігі жаздағыдан еш кем емес ", - деді қалалық әкімдіктің туризм басқармасы.

Экскурсия бағытына Алматының "алтын квадраты" - қаланың тарихи орталығы енген. Бұдан бөлек, автобус орталық стадион және "Атакент" көрме кешені арқылы өтеді. Барлығы 50-ге жуық орын таңдалған.

Жолаушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде Алматы тарихынан қызықты фактілер айтылады.

Жоба толықтай жеке инвестиция арқасында іске қосылып отыр.

Толығырақ видеодан көре аласыз.