Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді

Нұр-Сұлтан әкімдігі әйелдің денесін Қызылордаға жеткізуге көмектеседі. Төтенше оқиғаға кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша - Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Halal brothers дәмханасындағы жарылыс салдарынан қайтыс болған әйелдің отбасына 1 миллион теңге төлеп, денесін Қызылордаға жеткізуге көмектеседі. Дәмханада сенбі күні газ баллоны жарылған болатын, деп хабарлайды "Бірінші арна".

"Баллон жанған кезде олар далаға шықпақ болған. Бірақ қайтыс болған әйел жолда зат қоятын бөлмеге кіріп, шығуға үлгермеген. Күйеуім мүгедек болып қала жаздады. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деңгейде. Дәрігерлер оның жағдайы өзгелермен салыстырғанда жақсы деп отыр", - деді ол. 

Полиция "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабына сәйкес тергеу жүргізіп жатыр. Төтенше оқиғаға кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дәмханадағы жарылыс

21 қарашада елорданың сол жағалауындағы дәмханада газ баллоны жарылды. Төтенше жағдай туралы ақпар "103" пультіне сағат 12:24-те түсті. Оқиға орнында жедел жәрдемнің 24 бригадасы, шұғыл қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.

Апат орнына келген өрт сөндірушілер дәмхана ішінде бір адам және 15 газ баллоны барын анықтаған. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлады.

Өрттен бір адам көз жұмды, отыздан астамы зардап шекті. 20 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау 12:58-де сөндірілді.