АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Алматы-Ақтау рейсінің мас жолаушысы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған.
Оқиға 23 қараша күні Алматы әуежайының күту залында болды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы барда ұйықтап қалған. Бармен оятқан кезде ер адам ашуланып, жанжал туындады. Ол бардың арғы жағына өтіп, төбелесе бастаған. Мұндайды күтпеген қызметкер қашуға мәжбүр болды.