Қоғам

Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам қайтыс болды

Бір тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ. 716 адам COVID инфекцияСЫН жұқтырды, 44 адам пневмонияға шалдықты
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте жеті адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 11 386 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 644 бала бар.  Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 200 адамның жағдайы ауыр, ішінде 30 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 716 адам инфекция жұқтырды, 44 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 126 182 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 990 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 41 203 адам пневмонияға шалдықты, 427 адам қайтыс болды.