Еуропаның барлық дерлік елдерінде эпидемиялық жағдай күрт нашарлап, бұл биліктен қатаң шаралар қабылдауды талап етіп отыр. Алайда, бұл қоғамдық қарсылыққа алып келуде. Азаматтар ауқымды локдаунға ғана емес, бәсеңдетілген және біршама жеңілдік қарастырылған шектеу шараларына да наразы, деп жазады РИА Новости.
Алайда, шынайы жағдай саммит жоспарына өз өзгерістерін енгізіп, жақын күндері туындаған тағы бір өзекті мәселе күн тәртібіне шығарылды. ЕО-ның қос мемлекеті – Польша мен Венгрия Брюссельге жағымсыз "тосынсый" жасап, 2021-2027 жылдарға арналған одақ бюджетін (1,074 триллион еуро) және еуропалық экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын (750 миллиард еуро) бұғаттап тастады.
Еуропа осы бюджет жоспары есебінен Варшава мен Будапештті биік демократиялық стандарттардан бас тартқаны үшін жазалауды ойластырған еді. Бұл үшін ең айқын әрі ауыр әдіс – қаржы арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Польша мен Венгрия ЕО субсидияларының реципиенттері ретінде әлдеқайда басымды және артықшылықты жағдайда тұр. Бұл негізінен геосаяси факторларға байланысты орын алып отыр.
Оларды ақшадан айыру соншалықты оңай болмайтыны проблемаға айналды. Осы уақытқа дейін бірыңғай Еуропада мұндай механизм болған жоқ. Оның үстіне, Еуроодақта маңызды шешімдер қабылдауда одаққа мүше елдердің барлығының ұстанымы ескерілетіні тағы бар. Екі мемлекет те еуропалық бюджеттің қомақты қаражатынан айыруды қолдап дауыс беруі фантастикаға ұқсайды.
Міне, ойластырған жоспарды енді жүзеге асырамын деп отырғанда, қос даулы астана бұл процесті бұғаттап тастады. Олар жағдайдың неге алып келерін жақсы түсініп, еуропалық қор қаражатын саяси тұрғыда талан-тараж етуге жол бермейтіндерін мәлімдеді. Сондықтан, Брюссель Еуроодақтың ережесін альянстың өзіне қарсы қолданған поляктар мен венгрлерді жазалаудың жаңа әдісін ойластырғаннан басқа амалы жоқ.
Атлантиканың қос жағындағы батыс ондаған жылдар бойы тектен-тек басқа мемлекеттер үшін үлгі болып келе жатқан жоқ. Демократиялық институттар мен рәсімдер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары ол жақта расымен жұмыс істеді және олардың "бодан әлемнен" үстемдігін паш етті. Ал, Еуропалық одақтың саяси-басқару механизмі батыс демократиясының шаң жуымас апофеозына айналды.
Кейбір скептиктердің мұндай жүйені тиімсіз деп атап, оның ұзақ мерзімде жұмыс істеуіне күмән келтіргендерге энтузиастар "міне, ол көптеген жылдан бері жұмыс істеп келеді, өркендеп, дамып жатыр және ондаға ел үшін үлгі болып отыр. Себебі, бұл нағыз демократия!" деген жауап беруде.
Енді міне, еуропалық демократиялық қатардағы аса бай емес, шағын әрі бәрінің талқылауында жүрген қос мемлекет ағысқа қарсы жүзе алатындай және өз дегенінен қайтпайтындай табандылығы мен қырсықтығының арқасында мінсіз жүйені мақсатқа сай қолдана білді.
Сарапшылар Польша мен Венгрияның Еуроодақтан шығуы әбден мүмкін екенін айтып жатыр. Олар одақта болған шақта мейлінше пайдаға ие болып, қазір кво-мәртебесін сақтап қалуды көздейді. Оның үстіне, Брюссель мен батысеуропалық астаналар үшін дегенге көнбейтін "бұзық" екі елдің Еуроодақтан кетуі осы жағдайдан ыңғайлы шығудың бір жолы болады. Алайда, мұндай жағдайда Еуропаның демократиясына нұқсан келеді.