Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 8 сегіз адам қайтыс болды

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 11 мыңнан аса науқас емделіп жатыр, олардың арасында 614 бала бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирустан алты, ал пневмониядан екі адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 157 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 41 159 адам пневмониямен ауырды, 427 науқас көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Өткен тәулікте қанша қазақстандық індетке шалдықты

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустан 11 191 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр.  8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

214 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда, соның ішінде 29 адам хәл үстінде жатыр. 23 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.