Видео

Қазақстандық бітімгерлердің дайындығы қалай өтіп жатыр –  видео

Қазақстандық бітімгерлердің бесінші құрама ротасы 2021 жылы ақпанда Ливанға аттанады. Елдің қорғаныс министрлігі әскерилердің дайындығы қалай өтіп жатқанын көрсетті
Sputnik

Әр жарты жыл сайын Ливанға жіберілетін бітімгерлер қатарына кіру әсте оңай емес. Кезекті ротаның құрамына түсу үшін әскери қызметшілер қатаң іріктеуден өтеді. Кандидат үшін, ең алдымен, психологиялық тестен сүрінбей өту маңызды. Денсаулығы мен физикалық дайындығы да мінсіз болуы керек.

"Бітімгерлік миссия тарихында рота құрамына алғаш рет десанттық-шабуылдау әскерлері ғана емес, өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілері де еніп отыр", - деп мәлімдеді Қазақстанның қорғаныс министрлігінен.

Ливанға аттанатын кандидаттарды оқыту кемінде үш айға созылады.

Еске салсақ, Қазақстанның Ливандағы бітімгерлік миссиясы 2018 жылдың қазанында басталды. 2021 жылдың ақпанында кезекті, бесінші ротацияны жүргізу жоспарланып отыр.