Әлем

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы басты үш аңыз

Гитлерді жеңуге сүбелі үлес қосқандар туралы сөз қозғағанда, неліктен АҚШ жиі аталады? Әскери тақырыптағы алғашқы фейктер қашан пайда болды және олармен қалай күресуге болады? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik материалынан таба аласыз
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Мәскеуде "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен "Нюрнберг сабақтары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтіп жатыр. Форумдағы талқылауға арналған негізгі тақырып: неге қазіргі қоғамда Екінші дүниежүзілік соғыс туралы көптеген жалған мәлімет (фейктер) пайда болды және оларға қарсы тұру мүмкін бе? Себебі, тарихты бұрмалайтын және кеңес жауынгерлерінің нацизмді жеңуге қосқан үлесін төмендететін материалдар, негізінен, әлеуметтік желілерде жарық көруде. Сондықтан оларды бақылауда ұстау өте қиын.

Әйтсе де, медиа саласындағы сарапшылар мұнымен күресу мүмкін деп санайды. Бірақ, ол үшін, ең алдымен, соғыс тақырыбындағы 3 басты аңыз әрі дақпырт әңгіменің ара-жігін анықтап алу керек.

Соғыстағы жеңіске АҚШ-тың көмегімен қол жеткізілгені жайлы аңыз

"Мәліметтерді бұрмалау әрекеттері, Американың соғыста жеңіске жеткені туралы әңгімелер бұған дейін де болған. Бірақ, ол кезде арсыздық деңгейі төмен еді, - дейді неміс жазушысы, "Antispiegel" сайтының жетекшісі Томас Репер. - Бұрындары жоқ дегенде КСРО мен АҚШ одақтас болғаны және Шығыс майданы ең үлкен шығынға ұшырады деп айтылатын. Ал қазір кеңестік сарбаздарды басқыншылар деп жиі атап, америкалықтар Германияға тәтті ала келгендей дақпырт әңгіме өріп жүр".

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы басты үш аңыз

Репердің пікірінше, тарихты қайта жазуға көбіне еуропалық БАҚ, Германия басылымдары ықпал етіп отыр. Ол "DerSpiegel" неміс журналы Освенцимдегі концлагерьді америкалықтар азат еткені туралы әлеуметтік желіде пост жариялағанын еске алды. Сынның астында қалған басылым "қателікке" жол берілгені туралы мәлімдеп, мақаланы өзгертті: енді онда "Аушвиц" концлагерін Қызыл әскер азат еткені жазылған.

Мамандар тарихты бұрмалаудың кез-келген фактісін сынға алуды ұсынып отыр. Осылайша, неміс тілді пайдаланушылардың ашу-ызаға толы пікірлері "DerSpiegel" постына назар аудартты. Оқырмандар ақиқатты бұрмаламаумен қатар, Аушвицте көз жұмған 1,4 миллион адамның әруағын сыйлауды талап етті.

Жаңа буын ол соғысқа немқұрайлы қарайтыны туралы аңыз

Жастардың Екінші дұниежүзілік соғысқа деген қызығушылығы бәсеңдеп барады деген пікір бар. Бірақ, RussiaToday журналисі Мария Бутина бұлай деп санамайды. Ол "Мәңгілік полк" шеруін мысалға келтірді: егер, бұған дейін Ресейден тыс бұл акцияға небәрі 39 ел қатысса, бірнеше жылдың ішінде бұл сан 115-ке дейін артты.

"Сондықтан, біздің отандастарымызды қолдаудың маңызы зор. Олар – тарихи жадының қорғаушылары, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеяларының насихаттаушылары, шетелдегі Ресей азаматтарының қолдаушылары мен тіректері", - дейді Бутина.

Форум спикерлері соғыс туралы ақиқатты сақтап қалғысы келетіндер саны таяу шет мемлекеттерінде өсіп жатқанын айтты. Бұған ресейлік азамат Сергей Мирошниченконың волонтерлік жұмысы дәлел. Ол жұмыстан тыс бос уақытында Нюрнберг процесінің стенограммалары мен Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты басқа да құжаттарды аударумен айналысады. Жақында интернетте "NurembergMedia" жаңа порталы пайда болды. Ол порталда Нюрнберг трибуналы жайлы айтылады. Жобаны жүзеге асырушылар – "Россия сегодня" медиатобы және "Sputnik" агенттігі.

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы басты үш аңыз

"Нюрнберг сабақтары" форумына қатысушылар соғыс жайын сөз еткенде фактілерге сүйену керектігіне сенімді. Коммунизм мен нацизм бір дегенді айтатындар жаппай стерильдеу идеясымен танысқаннан кейін дәлелдерінен қағылады. Адольф Покорный атты неміс дәрігері 1941 жылы қазандағы өз хатында "жауды жеңіп қана қоймай, оның көзін жою керек" деп жазып, түрмедегі 3 миллионға жуық большевикті ұрықтандыру, көбею мүмкіндігінен айыруды ұсынды. Дәрігердің пікірінше, тұтқындарды өмірінің соңына дейін жұмыс күші ретінде пайдалануға болар еді.

Фейк интернеттің арқасында пайда болғаны рас па?

"Цифрлық тарих" YouTube-арнасының авторы әрі журналист Егор Яковлевтың айтуынша, жалған жаңалықтар қоғамда барлық кезде болған. Ақпараттық кеңістікте интернеттің арқасында фейктер жылдам таралуына қарамастан, олардың деңгейі қатты құлдырады. Мысалы, ХІХ ғасырда тарихи жаңылулар әлдеқайда шығармашылық сипатта әзірленетін.

1817 жылы чех ақыны Вацлав Ганка көне Крала Двур қаласындағы храмнан 1242 жылы чехтар татарлар мен моңғолдарды ойсырата жеңгені туралы эпос тауып алғанын хабарлаған. Көптеген чех бұл аңызды тексеріп көрді. Ақынның өтірік айтқанын сот арқылы 70 жылдан кейін ғана мойындату мүмкін болды.

Сол сияқты, 1939 жылы француздардың "Гавас" ақпарат агенттігі Иосиф Сталин Польшаны басып алғысы келгені туралы ақпарат таратты. "Гавас" агенттігінің бұл ақпараты жалған екенін соғыстан кейін британиялық және неміс ғалымдары дәлелдей алды.