НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. "Панда" лақап атымен танылған жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахераны 43 секунд ішінде нокаутқа түсірді.
Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Хайалиа қаласында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық боксшы мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда 43 секундта Мұсәділовтің жеңісімен аяқталды. Нокаутқа түскен мексикалыққа есін жию үшін орындық қажет болды.
Осылайша Серік Мұсәділов өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді – бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.
Ал Даниэль Нахера кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.