НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Елордада дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлама түсті. Шұбар шағын ауданында дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылған.
Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде жойқын жарылыс болды
"Құтқарушылар бір адамды құтқарып, 15 баллонды сыртқа шығарды. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға орнында бір адам көз жұмды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы 19 адамды қарап жатыр.
20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12.58-де сөндірілді.
Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы мен 10 техникасы жұмылдырылды.