Әлем

Сенегалда 100-ден астам адам белгісіз ауруға шалдықты

Ауру жұқтыру ошағы көл болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда дәрігерлер әлі нақты анықтай алмай жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша — Sputnik. Сенегалда 100-ден астам балықшы белгісіз дертке шалдықты. 

Ауру Рюфиск және Мбур порттық қалаларының арасында, ел астанасы Дакарадан алыс емес.

Науқастардың терісінде қабыршақ тәріздес бөртпелер пайда болған. Ауру жұқтыру ошағы көл болуы мүмкін деген болжам жасалды. Өйткені оған балықшылар шалдыққан. Алайда дәрігерлер себебін әлі нақты анықтай алмай жатыр. Науқастардың жасы - 15-35, деп хабарлайды Senenews.

БАҚ хабарлауынша, осыдан он жыл бұрын аурудың алғашқы жағдайы тіркелген. Қала билігі жағдаймен танысты, алайда еш нәрсе қолға алынбаған.