Өңірлер

Павлодарда кішкентай қызды бірнеше жыл бойы зорлаған өгей әке сотталды

Павлодарда өгей қызын зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Сондай-ақ қыздың қорлыққа шыдамай, өзіне қол жұмсамақ болғаны дәлелденді
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. Павлодар облысы Успенка ауылының тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияд өтейтін болады, деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

Жабық сот процесі 20 қарашада аяқталды. Іс барысында 2016 жылдан 2020 жылға дейін айыпталушының жас қызға (қыз ол кезде 13 жаста болған) қатысты зорлау және жыныстық әрекеттер жасағаны анықталды. Өзіне қол салуға итермелегені белгілі болды.

Сотталушы кінәсін мойындамады. Айыпталушы мен оның адвокаты ақтау үкімін сұрады. Ал айыптау оны 20 жылға, ал жәбірленушінің өкілі одан да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот жәбірленушінің, куәгерлердің және сараптама қорытындысын зерделеп, сотталуышының зорлау, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекет жасағанын, сондай-ақ оны өзіне қол жұмсауға итермелегені дәлелденгенін айтып, кінәлі деп таныды.

"Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыс жасалғанын, ол кезде мас болғанын ескере отырып, сот педофилді 23 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейтін болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ер адам өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды (қылмыстық кодекске сәйкес, осы құқықтан айыру міндетті болып табылады және жұмыс орнына қарамастан тағайындалады).

Сонымен қатар сот сотталушының химиялық кастрация жасату-жасатпау туралы мәселені зерттемегені үшін сот сараптамасы орталығы басшылығының атына жеке қаулы шығарды.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде жіберілген қылмыстық және қылмыстық-процестік заң нормаларын бұзғаны үшін Павлодар облысы прокурорының, облыстық полиция департаменті бастығының атына жеке қаулы шығарды.