Өңірлер

Ірі кәсіпорындарда вирусты жаппай жұқтыру оқиғалары жоқ – Ахметов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдегі ірі кәсіпорындарда вирусты жаппай жұқтыру фактілері тіркелмегенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындарда коронавирусқа жаппай шалдығу деректері жоқ. Бұл туралы өңір басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қазір коронавирус жұқтырғандар саны Өскемен, Алтай, Риддер қалалары мен Глубоковское ауданында өсіп отыр.

Өңірдегі үлкен кәсіпорындарда вирусты жаппай жұқтыру фактілері тіркелмеген.

"Ірі кәсіпорындарда жаппай жұқтыру оқиғалары жоқ. Мәселен, "Қазмырышта" бүгінде 104 адам індетке шалдықты. Бірақ, бұл пандемия басталғаннан бері. Тағы да қайталап айтамын, Шығыс Қазақстанда да, жалпы елде және әлемде аурудың негізгі ошағы – адам көп жиналатын орындар", – деді Ахметов.

Ол індеттің таралуын ауыздықтау үшін Өскемен, Риддер, Алтай, Серебрянск және Глубоковское ауданы аумағына кіруге шектеу қойылғанын атап өтті.

Бұған дейін облыс әкімі өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Пандемия басталғалы облыста барлығы 14 402 адам вирус жұқтырған. Қазір облыс ауруханаларында 659 адам емделіп жатыр.