Қоғам

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Ер адам бұған дейін 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған, "Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Алматыда 10 адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 2013 жылы шілдеде 8 адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған.

"Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жүргенде қылмыскердің тағы екі әйелдің өліміне қатысы бары анықталды. Қылмыс 2001 жылы күзде жасалған.

"Ер адам жәбірленушілердің пәтерін иемдену үшін олардың сеніміне кірген. 2001 жылы қазан айында екі әйелді жалға алған үйге шақырып, өлтірген. Қаскөйдің қасында сыбайластары да болған. Артынша ол құқық белгілеуші құжаттарды алып, жалған сенімхатпен пәтерлерді сатып жіберген", - деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Facebook-те.

Тағы оқыңыз: Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап

Алқабилер алқасы бірауыздан сотталушыны кінәлі деп таныды. Сот үкімімен ол тағы да өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.