Экономика

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан қанша ақша бөлінеді – парламент заң қабылдады

Парламент Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Сенат Ұлттық қордан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін заң жобасын мәжіліс мақұлдаған болатын. 

Құжатта Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген. 

"Заң жобасында, сондай-ақ. кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Ол кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейтінін атап өтті. 

Парламент Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.