Қоғам

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 46 адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы Қазақстанда 122 335 адамнан коронавирус анықталды, 1 959 адам қайтыс болғаны хабарланып отыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда бір аптада коронавирус инфекциясынан 46 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Инфекциядан қайтыс болғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысы (14) мен Алматы қаласында (12) тіркелген.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 9-15 қараша аралығында 46 адам көз жұмды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 4;
  • Алматы қаласы – 12;
  • Шымкент қаласы – 1;
  • Ақмола облысы – 5;
  • Ақтөбе облысы – 1;
  • Алматы облысы – 1;
  • Атырау облысы – 1;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 14;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Қостанай облысы – 1;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Павлодар облысы – 2.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 122 335 адамнан коронавирус анықталды, 1 959 адам қайтыс болды.