Әлем

Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша уақыт ұйықтау қажет екенін анықтады

Зерттеу барысында ғалымдар 37-ден 73 жасқа дейінгі 408 802 адамды бақылады, олардың 5 221-і жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы Тулейн университетінің ғалымдары ұйқының ұзақтығы жүрек ауруынан қорғану үшін өте маңызды екенін анықтады. Бұл туралы Express басылымы жазды.

Дұрыс режиммен ұйықтайтын адамдардың жүрек ауруына шалдығу қаупі едәуір төмен болады, ал ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін түнде жеті-сегіз сағат ұйықтау қажет деген қорытындыға келді.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар ер адамның күш-қуатын арттыратын азық-түлікті атады 

Зерттеу барысында ғалымдар 37-ден 73 жасқа дейінгі 408 802 адамды бақылады, олардың 5 221-і жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан.

Науқастардың ұйқысы дұрыс болмай шықты: кейбіреулері ұйқысыздықтан зардап шексе, енді бірі түнде өз қорылынан оянып кететінін айтқан, араларында тым аз ұйықтайтындар да бар.