Видео

Таулы Қарабақ: Ресей босқындарға қалай көмектесіп жатыр

Ресей мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасындағы гуманитарлық дағдарысты шешу жөніндегі міндеттердің бір бөлігін өз мойнына алды
Sputnik

Ресейдің бітімгерлік контингенті Таулы Қарабаққа орналастырылып жатыр. Әскерилердің негізгі бөлігі өңірге жеткізілді, олар бірден жұмысқа кірісіп кетті. Толығырақ видеодан көріңіз.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы жөнінде ресми мәлімдеме жасады 

Бітімгерлер атысты тоқтату режимінің орындалуын бақылайды, азаматтық және маңызды стратегиялық нысандарды қорғайды, сондай-ақ, гуманитарлық мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, олар жолдарды бүлінген әскери техникадан тазартып, Армения мен Таулы Қарабақты байланыстыратын жол - Лачин дәлізіндегі миналарды алып тастап жатыр.  

Бұған дейін Владимир Путин Ресей ведомствоаралық гуманитарлық әрекет ету орталығын құратынын хабарлады, бұл орталық босқындарды Таулы Қарабақ Республикасына қайтару мәселелерімен айналысады.