Фото

Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері

Sputnik

Суреттер "Табиғат", "Өнер", "Адамдар", "Сәулет", "Қалалық пейзаждар" сынды 25 аталымы бойынша бағаланды.

Байқауды ұйымдастырушылардың талаптарына сәйкес биіктен немесе дронның көмегімен, тікұшақтан, моторсыз ұшу аппаратынан, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратынан, батпырауықтан, әуе шарларынан, барлық көлемдегі ұшақтардан, сондай-ақ, басқа да моторлы немесе моторсыз құрылғылардан түсірілген суреттерді жіберуге болады.

Конкурс үшін суретшілердің кәсіби дайындық деңгейі маңызды болған жоқ. Оған кәсіби фотографтар да, әуесқойлар да, оның ішінде дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі студенттер де өз жұмыстарын жіберуге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға әлемнің 65 елінен мыңдаған өтінім келіп түскен, ал жүзден астам суреттің иелері түрлі марапатқа ие болды.

Sputnik Қазақстан Aerial Photography Awards 2020 конкурсы жеңімпаздарының туындыларын назарларыңызға ұсынады.

1 / 18
"Aerial Photography Awards 2020" байқауының жеңімпазы, бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдің "Абстрактілі Греция" суреті. Байқауға биіктен, дрондардың, моторсыз ұшу аппаратының, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратының, әуе шарларының, парашюттердің және басқа да аэромобильді құрылғылардың көмегімен түсірілген жүздеген сурет жиналды
2 / 18
Күн шығып келе жатқан кезде түсірілген моторлы қайықтан шыққан түтін, жергілікті вьетнамдық балықшылар бұл қайықпен анчоус аулауға шығады. Фото авторы – People аталымының жеңімпазы – Thien Nguyen.
3 / 18
Фин шығанағындағы қар құрсауында жүзіп келе жатқан сауда кемесін ресейлік Александр Сухарев таспаға түсіріп алған. Оны қазылар алқасы Transportation аталымында жеңімпаз деп таныды.
4 / 18
Бұлт торлаған Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен фотожақтау. Constructions аталымында жеңімпаз атанған суретті ливандық фотограф Bachir Moukarzel түсірген.
5 / 18
Кениялық Натрон мен Мекка көлдерінің тұзды толқындарының үстінде ұшып бара жатқан қоқиқаздар. Nature аталымы бойынша байқауға ұсынылған бұл суретті қытай фотографы Hua Shang тікұшақтан түсірген.
6 / 18
Австралиялық фотограф Brad Walls-тің теннис кортының қанық түсі мен сызығы және спортшының мінсіз қозғалысы бейнеленген Sports аталымындағы Ball Up деп аталатын суреті Aerial Photography Awards 2020-ның қазылар алқасының көңілінен шықты.
7 / 18
Бангладештің Богура ауданының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен егінді сақтап қалуға тырысуда. Суретті түсірген фотосуретші Azim Khan Ronnie Editorial номинациясында екінші орынға ие болды.
8 / 18
Отқа оранған ұшақ – құтқарушы қызметінің мамандары әуе апаты болған маңда жүр. Британдық фотограф Marc Le Cornu "Aerial Photography Awards 2020" байқауының Documentary номинациясын жеңіп алды.
9 / 18
The Highlands of Iceland.
10 / 18
Бельгиялық фотограф Johan Vandenhecke түсірген қызыл Татакоа шөліндегі тау жыныстарының түзілімдері Abstract аталымында әділқазылардың ықыласына бөленді.
11 / 18
Неміс фотографы Joel Jochum энергетикалық компанияның су қоймаларын күн ұясына батып бара жатқан кезде түсірді. Бұл сурет Aerial Photography Awards 2020 байқауын Industrial номинациясы бойынша жүлде алды.
12 / 18
Балықшы торды көгілдір су айдынына жайып жіберді, ал толқындар теңіз иесінің сұлбасын кездейсоқ жасап шығарады. Вьетнамдық фотограф Duy Sinh бұл суретімен Daily Life аталымында басқалардан оқ бойы озық болды.
13 / 18
Қойлар ормандағы жерге түскен қызыл жапырақ үстімен жайылымнан қайтып келеді. Түрік фотографы Mehmet Aslan Forest Path деп аталатын суретімен Trees & forests номинациясында жеңіске жетті.
14 / 18
Британдық фотограф Kyle Vollaers тапқан, аңызға айналған "Тақтар ойынындағы" Түн Патшасының тәжіне ұқсас мұз айдыны Arctic Paradise деген атаумен Waterscapes номинациясында жеңімпаз атанды.
15 / 18
Әуе лайнерінің терезесінен түсірілген көрініс Travel аталымында үздік фото ретінде танылды. Қытайлық фотограф Yiran Dingтің бұл суреті Shanghigh деп аталады.
16 / 18
Амстел өзеніне түсіп кеткен полиэтилен пакетіне қол созған бала. Канадалық фотограф Ryan Koopmansтың Нидерландыда таспаға түсірген бұл көрінісі Other аталымында жеңіске жетті.
17 / 18
Снимок Spanish rainbow бельгийского фотографа Sebastien Nagy, победивший в категории Cityscapes конкурса Aerial Photography Awards 2020.
18 / 18
Соғыс жаңғырығы. Бельгиялық фотограф Reginald Van de Velde Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция жағалауында суға батып кеткен, мина жойғыш британдық кеме қирандысын таспаға түсіріп алды. Бұл кеме жүз жылдан астам уақыт бойы жағалау құмы астында жатқан, тек жақында ғана жағалаудың кейбір тұсын су шайып кетуіне байланысты жер бетіне шыққан. Сурет Abandoned places аталымын жеңіп алды.