Оқиға

Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды

Ведомствоның хабарлауынша, жалған долларды бірнеше рет сатты деп күдікке ілінген алматылық қылмыс үстінде қолға түсті
Sputnik

АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Алматы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ірі көлемдегі жалған долларды сатқысы келген жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Ведомствоның хабарлауынша, жалған долларды бірнеше рет сатты деп күдікке ілінген алматылық қылмыс үстінде қолға түсті. Ол кезекті рет жалған ақшаның ірі партиясын сатпақ болған.

"100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 долларды құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар тінту барысында күдікті азаматтан жалған 600 000 АҚШ доллары табылды, оны сату үшін сақтаған.

Қазіргі кезде күдікті сот санкциясымен қамауға алынды және өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жалған ақша шығарушылар цехы жабылды