НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, бірінші тоқсанда коронавирусқа байланысты Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептер карантинге жабылды.
"Ал кеше Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды. Екінші тоқсан енді ғана басталғанын білесіз. Кешегі күннің ішінде 55 баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың 14-і онлайн білім алған, ал 41 оқушы қашықтан оқыған", - деді Есмағамбетова екінші тоқсанның басталуына арналған баспасөз мәслихатында.
Оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 1 042 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 302-сі – кезекші сыныптарда, қалған 740-ы қашықтан білім алу кезінде індетке шалдықты.
Ал қыркүйектен бері 241 мұғалімде COVID-19 диагнозы расталды.