НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері салмағы бір келі болатын кептірілген марихуана мен тіркелмеген бес мылтық және Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың өлігін жасырған қойшыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Оған 6 мың АЕК көлемінде айыппұл (1 АЕК – 2 778 теңге) немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, заңсыз аңшылықтан келген зиянның мөлшері мен тәркіленген қарудың жеке куәлігі де анықталды.
Полиция аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы (есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау) және 337-бабы (заңсыз аңшылық) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазақстанда бақташылар жетіспейді
Қазан айында Шығыс Қазақстандағы мал өсірушілер өз отарына бақташы таба алмайтындықтарын хабарлады. Олардың айтуынша, облыста бақташылар жетіспейді.
Пандемияға дейін Шығыс Қазақстан облысына Қырғызстаннан шопандар шақырылып келген. Алайда, бұл қазір мүмкін емес.
Шенеуніктердің пікірінше, қой шаруашылығын дамыту үшін басқаша көзқарас қажет – егер қой өсірушілер меншік иелері атанса, Қазақстан үшін дәстүрлі осы саланың беделін көтеруге болады.
Оқи отырыңыз: "Погондыларды тергесе, күдіктілер көбейеді": тұрғындар полицейлерге сенуден қалды
Сондай-ақ, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Владимир Гайламазян қой өсіргісі келетін шаруаларға несие мен жер беруді ұсынады.