Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй орталығы ашылды: қандай қызметтер көрсетіледі

Тұрғын үй орталығында тұрғын үйге кезекке тұру, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер бойынша және тағы басқа мәселелерге қатысты кеңес алуға болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

Тұрғын үй орталығы Республика даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан.

"Бұл орталықта тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер бойынша және тағы басқа мәселелерге қатысты кеңес алуға болады", - деп атап өтті Көлгінов.  

Оның айтуынша, орталық қала тұрғындары үшін ыңғайлы, себебі олар тұрғын үй мәселелері бойынша қаланың әр ауданында орналасқан инстанцияларға бармай-ақ бір жерден кеңес ала алады.

Бөлінген аумақтың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады, қызметтерді арнайы мамандар көрсетеді. Күн сайын орталық 300-ден астам қала тұрғынын қабылдайды.

Орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс жұмыс істейді.

Әкім мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты 

Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар қала тұрғындарына әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Осы уақыт ішінде орталыққа 40 мыңға жуық адам жүгініп, көмек алды.