Өңірлер

Алматыға шыққан ұшақ екі сағаттан соң Атырауға қайта оралды

Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін Boeing 737-300 салонында желдету жүйесінің индикациясы байқалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. SCAT әуе компаниясының экипажы Атырау әуежайына оралуға мәжбүр болды. 

Жексенбі, 15 қараша күні сағат 16.00-де Boeing 737-300 ұшағы Атырау әуежайында апаттық жағдайда қонды. Борт Атыраудан Алматыға ұшқан болатын, деп хабарлайды "Ақ Жайық" жергілікті басылымы.

Қону үшін екі сағат бойы аспанда қалықтап жүруге тура келген.

Boeing 737-300 салонында желдету жүйесінің индикациясы байқалғаны айтылып отыр. Бұдан соң экипаж әуежайға қайта оралуға шешім қабылдады. Рейс 16 қарашада қайта жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, 11 қарашада SCAT компаниясының ұшағына бір топ құс соғылып, борт әуежайға қайта оралған еді. Ол жолы Атырау - Нұр-Сұлтан рейсіндегі ұшақ бортында 115 жолаушы отырды.

Ал 14 қараша Air Astana ұшағы ұшу-қону жолағының мұздануына байланысты Орал әуежайына қона алмай, бағытты өзгертуден басқа амал қалмады.