Өңірлер

Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде жойқын жарылыс болды

Өрт жалпы 90 шаршы метр жерге шарпып, 9 адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, газ баллон жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Таразда ер адам әжесі мен әкесін құтқарамын деп өзі де көз жұмды

Оқыс оқиға туралы хабарлама Ақтөбе облысы ТЖД кезекші- диспетчерлік қызметіне бүгін сағат 11.36-да түскен. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы  оқиға орнына  дереу жетті.

"Оқиға салдарынан кезінде 9 адам зардап шекті. Оның ішінде 3 бала – 6,7 жастағы және жаңа туған сәби бар, балаларды күйік шалмаған. Олар қазір Хромтау қаласының орталық ауруханасында жатыр", - деп нақтылады Уәли.       

Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан  үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді.