Өңірлер

Оралда қонақтар мейрамханадан қашып шықты – видео

Полиция және әкімдік қызметкерлерінен жасақталған бақылау тобы қалада бірнеше рет шектеу шаралары бұзылғанын анықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде мейрамханадан шығып, асығыс кетіп бара жатқан қонақтардың видеосы жарияланды.    

Видео Оралда 60-қа тарта адам отбасылық мерекені тойлап жатқан кезде түсірілген, деп хабарлады Мой Город порталы.

14 қарашада полиция және әкімдік қызметкерлерінен жасақталған бақылау тобы қалада бірнеше рет шектеу шаралары бұзылғанын анықтады. Соның ішінде "Айбат" мейрамханасы да бар.

Оқи отырыңыз: Қарағандылық полицейлер тойдан шыққан бизнесменнің соңына түскен

"Қоғамдық тамақтандыру мекемесінің жұмыс істеуіне қатысты бір факті, дүкендерде дене қызуын өлшемеу және арақашықтықты сақтамаудың екі фактісі, көп адам жинап, іс-шаралар өткізудің екі фактісі анықталды", - деді Орал қаласы әкімдігінің бөлім бастығы Аслан Жармұханов.